Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Деңгейлік бағдарлама бойынша оқыған бастауыш сынып мұғалімдердің шығармашылық тобының қалалық семинары
30-09-2014 09:27
Деңгейлік бағдарлама бойынша оқыған бастауыш сынып  мұғалімдердің  шығармашылық тобының  қалалық семинары

    Павлодар қаласының №35 жалпы орта білім беру  мектебінде деңгейлік бағдарлама бойынша оқыған бастауыш сынып  мұғалімдердің  шығармашылық тобының  қалалық семинары өтті . Семинар қалалық бастауыш сынып  деңгейлік  оқыған мұғалімдердің  шығармашылық тобының жетекшісі Шарбақбаева Бақыт Қабдынасырқызының ұйымдастыруымен  болды.Бұл шығармашылық топ   үшінші  жыл өз жұмысын жалғастыруда.

    Семинардың   мақсаты - оқыту  мен оқудың  заманауи  әдістерін  мұғалім тәжірибесіне енгізуде кәсіби көмек көрсету, өзара  желілік байланыс орнату, педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру. Мұғалімдердің кәсіби дамуына бағытталған  деңгейлік курстан өткен  мұғалімдер шығармашылық тобы жаңа оқу жылында өз жұмысын жалғастырды.  Оқу  жылы  барысында 9 әдістемелік  семинар жоспарланып,  төмендегідей  тақырыптар  белгіленді «Топтық жұмысты ұйымдастыру», «Талантты дарынды балаларды оқыту», «Диалогтік  оқыту», «Метатаным дағдыларын қалыптастыру», «Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру», «Сабақ үстіндегі формативті бағалау»,«Мұғалімдердің оқытуына қатысты көшбасшылығы мен басқарушыларын дамыту», «Оқу үрдісінде АКТ қолдану», «Жас ерекшелігіне сай оқыту». Сондай–ақ 2014-2015 оқу жылында атқарылатын іс- шаралардың жоспарын, коучинг-  семинарлар, ашық сабақтар,7 модульді  ықпалдастырып қолданылатын  тізбектелген сабақтар топтамасы  енгізілді.  Шығармашылық  топ мүшелері  бұл  мектептің ұйымдастырып отырған  іс-шарасына   өздерінің  алғыс, тілектерін білдірді.