2014 жылғы 7 қазанда Павлодар қаласының №35 жалпы орта білім беру мектебінде деңгейлік курстан өткен бастауыш сынып мұғалімдердің шығармашылық тобының қалалық семинары өтті. Семинар барысында орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарларын құру жолдары қарастырылды. №35 ЖОМ II деңгейден өткен бастауыш сынып мұғалімі Дүйсенбаева А.С. жоспар құру жайлы мағлұмат беріп, Блум таксономиясына салынған сабақ жоспарының үлгісімен таныстырды.
Семинарға қатысушылар 4 топқа бөлініп, алған мағлұматтар бойынша білімдерін практика жүзінде қолданып үйренді.
Қалалық білім беру бөлімінің бастауыш сынып әдіскері Қайырғазина Ш.Ш. және шығармашылық топтың жетекшісі №35 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Шарбақбаева Б.Қ. шығармашылық топ мүшелеріне алғыстарын білдірді.