Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182)53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Адрес: Айманова, 37
8 (7182)53-71-04
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда с 14.00 до 19.00, Пятница с 14.00 до 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Отбасы күніне» арналған «Отбасы –бақыт мекені» апталығының өтуі туралы мәлімет
12-05-2015 02:40
«Отбасы күніне» арналған  «Отбасы –бақыт мекені» апталығының өтуі туралы мәлімет

Отбасы – адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрып, қанат қағар ошақ қасы, алтын бесігі ғана емес, ол – шағын мемлекет. ҚР Пезиденті Н.Ә.Назарбаев: «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады»,- деді.

«Отбасы күнін» мерекелеу аясында мектебімізде бірталай іс-шаралар жоспарланып, өткізілді. Іс-шаралардың негізгі мақсаты- жасөспірімдер арасында отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағыттау, балалар мен жасөспірімдер арасында имандылықты, руханилықты нығайтуға, жауапкершілікті сезінуге негіздеу.

Апта бойы «Отбасы- қоғамның бастапқы ұясы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Мектеп, оқушы, ата-ана: ынтымақтастық ортасы» тақырыбында ата-аналар жұртшылығына арналған коучинг өтті. Мектептің әлеуметтік педагогі Алпысова А.К. «Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті. Отбасылық тәрбиелеу стильдері» тақырыбында ата-аналарға арналған сабақ- практикум өткізілді. Сабақтың рефлексивтік жағында барлық ата-аналар мұндай практикумдар барлық оқу барысы ішінде қажет деп бірауыздан өз пікірлерін айтты және олар келесі кездесуді асыға күтетін болды. Апта бойында «Отбасыммен мақтанам» тақырыбында 5-11 сынып оқушылары арасында шығармалар сайысы ұйымдастырылып, өткізілді. Үздік деп танылған шығарма иелеріне мақтау дипломдары табыс етілді. 2-сынып жетекшілері мен аға тәлімгер Умертаева С.С ұйымдастыруымен «Отбасы аялдамасы» ойыны өтті. 5-6 сынып оқушыларының ұйымдасытруымен «Отбасы- сөзінің мағынасы керемет» фотосурет көрмесі жасалды. Сондай-ақ, дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен аталмыш мереке аясында «Тату отбасы» атты отбасылық спорттық ойын түрлерінен жарыстар болып өтті. Жарысқа 1сыныптың ата-аналарынан 5құрама команда құралып, жарысқа түсті. 1а,1в сынып жеткшілері қатыспады (Аманжолова, Абраева) Команданы дұрыс ұйымдастырған 1г (Уразбаева) бірдей ақ футболкада болды. Сынып оқушыларын 100% ұйымдастырып жанкүйер ретінде қатыстырған 1б ( Жұмабаева Ж) Қолдарына плакаттар шарлар алып келген.1ә,1б,1в,1г сыныптарының ата-аналары жанкүйер ретінде қатыстырылды. Сайысқа әр команда белсене қатысты. Әділқазылар алқасы сайысқа қатысушылардың жетістіктері мен кемшіліктерін ашып айтты. Қорытындылай келе төмендегідей шешімге келді. Әр команданы «Мадақтама қағазымен» марапаттады.1орынды 1б, 2орынды1г, 3-орынды 1в сыныптары алды.