Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182)53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Адрес: Айманова, 37
8 (7182)53-71-04
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда с 14.00 до 19.00, Пятница с 14.00 до 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Халықаралық қыздар күні аясында өткізілген іс-шаралар туралы мәлімет
12-05-2015 02:06
Халықаралық қыздар күні  аясында өткізілген іс-шаралар туралы мәлімет

Біріккен Ұлттар Ұйымының мерекені күнтізбеге енгізудегі басты мақсаты – қыздардың құқықтарын мойындау, әлемдегі барлық қыздар ұшырасатын ауыр мәселелерді шешуге көмек қолын созу. Бұл күні мектепте аталған тақырыпта түрлі іс-шаралар өткізілді.

8 «Ә» сыныбында сынып жетекшісі Карабаева А.А. «Жан қазынасы адамгершілік» тақырыбында пікірталас өткізілді. Іс-шарада отбасындағы адамгершілік туралы, қыз бала тәрбиесінде ұл бала тәрбиесіне қарағанда біраз ерекшеліктердің бар екенін, отбасында еркелеп ұстап отырған қыздардың күні ертең бойжетіп өскен соң, өзге шаңырақтың түтінін түтетіп, ошағының отын жағатын әйел, ана болатынын туралы пікіралмасты. 2012 жылдан бастап БҰҰ Бас Ассамблеясы 11 қазанды Халықаралық қыздар күні деп жарияланғандығы туралы, адамның негізгі құқықтарын бұзуға әкелетін әрі бойжеткендер мен қыздардың өмірінің барлық қырларына жағымсыз әсер ететін балалар некесі проблемасы туралы да сөз қозғалды. Ерте жастағы неке балаларды балалықтан айыратыны, білім алуына кедергі келтіретіні, мүмкіндіктерін шектеп, зорлық-зомбылық және күш қолдану тәуекелдерін арттырып, денсаулығына қауіп төндіретіні жайлы айтылды. Сонымен қатар қыз баланың абыройына байланысты ырым-тыйымдар талданды. «Қыз баланы ізетті, инабатты асыл жан етіп, ісіне көркі сай тәрбиелеу, қыз сыйлау халқымыздың қанына сіңген қасиет, олардың айналадағы адамдармен қарым – қатынас жасай білуіне көңіл бөле отырып, оларға нәзіктік пен сүйкімділік қасиеттерін бере білген. Қыздарымыз ата-бабаларымыздың ертеден келе жатқан салт-дәстүрін, әдет-ғұрып сөндірмей жалғастыратын өнерлі де ибалы боп өссе дейміз»- деп мұғалім іс-шарасын тамамдады.

9-сынып қыздарының арасында мектеп психологі Какимова Ж.Б. «Қыздарға әсемдік жарасады» тақырыбында тренинг ұйымдастырды. Іс-шарада қыздардың құқығын таптауға байланысты мысалдар келтірді. Соңында қыз балалар, қысқаша амандасу рәсімін орындау, орынсыз еліктеп, әлем-жәлем киініп ерсіленбеу, әдепсіздік пен азғындық жолға баспау, спиртті ішімдіктер ішуден, темекі тартудан аулақ болу, әйел адамға тән өнер түрлерінің барлығын, үй шаруасын меңгеру, ұлдар мен ер азамматтар тәртібіне қыздар әдептілігінің зор ықпалы бар екенін дұрыс түсіну, үлкендердің алдын орағытып, жолын кеспеу, өтірік, өсек айтпауға шақырды.