Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жеңісті жаз
02-06-2017 11:03
Жеңісті жаз

       Павлодар қаласының №35 жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары «Алау» бағдарлы лагерінің жұмысы барысында алғашқы жеңістеріне қол жеткізді.
       2017 жылдың 2 маусымы күні «Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығында Халықаралық балаларды қорғау күні, ҚР Мемлекеттік рәміздер күні мерекелеріне және ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған «Ойлан, тап» атты танымдық-зияткерлік сайыс өткізілді. Оған қаламыздың мектеп оқушылары қатысты. Сайыс барысында балалар Мемлекеттік рәміздерге, ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысты сұрақтарға жауап берді. Ұлттық салт-дәстүрлер бойынша білімдерін сынап, «Шаңырақ» орталығының өнерпаздары ойнаған күйлердің атауын дұрыс табу керек болды. Алты кезеңге созылған сайыста мектебіміздің 6 «а» сынып оқушылары Нурханова Асель, Тлектесов Альмансур мен Мурсалиев Асылханнан құралған «Білімпаз» тобы 3 орын иегерлері атанды. Ұйымдастырушылар балаларды дипломмен және ең бағалы сыйлық – кітаппен марапаттады.