Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Білімді ұлт – білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы» атты жалпыұлттық ата-аналар жиналысы
15-05-2018 23:11
«Білімді ұлт – білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы» атты жалпыұлттық ата-аналар жиналысы

Бүгін, яғни: 2018 жылдың 15 мамыры күні, сағат 18.30-да мектебімізде «Білімді ұлт – білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы» атты жалпыұлттық ата-аналар жиналысын өтті.
Жиналыс тақырыбы: Білімді ұлт – білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы
Ата-аналар жиналысының мақсаты: ата-аналарды мемлекеттік білім беру саясатының бағыттары, орта білім беру жүйесінің жетістіктері туралы хабардар ету және мектепті басқаруда педагогтар мен ата-аналардың күш-жігерлерін біріктіру.
«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру шеңберінде өткізілуде.
Ата-ана жиналысы Халықаралық отбасы күніне (15 мамыр) арналады. Бұл мереке қазіргі әлемде әрбір «қоғамның ұясы» маңызды екендігін еске салады.
Отбасы қоғамның негізгі элементі ретінде тұрақтылық пен даму факторы болып қалып отыр. Отбасының арқасында мемлекет нығая түседі және дамиды, халықтың әл-ауқаты артады. Отбасының амандығы – елдің даму және ілгерілеу өлшемі.
Ата-ана жиналысындағы күн тәртібінің мәселелері:
1) «Жыл табысы»: республиканың, өңірдің, мектептің білім беру жүйесінің жетістіктері;
2) мектеп оқушыларын тәрбиелеудің негізі ретінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру;
3) 11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау және оқу жылының қорытындылары;
4) оқу процесін цифрландыру;
5) мектептің қамқоршылық кеңестерінің қызметі және отбасы мен мектептің өзара іс-қимылын күшейту.

Күн тәртібінде: «Жыл табысы»: республиканың, өңірдің, мектептің білім беру жүйесінің жетістіктері, мектеп оқушыларын тәрбиелеудің негізі ретінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру, 11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау және оқу жылының қорытындылары, оқу процесін цифрландыру , мектептің қамқоршылық кеңестерінің қызметі және отбасы мен мектептің өзара іс-қимылын , баланың жеке тұлғасын және оның психологиялық ерекшеліктерін бірлесіп зерттеу жүйесін дамыту және әр түрлі сұрақтар қарастырылды.


Жиналыс қорытындысы бойынша ата-аналар өз сұрақтарына нақты және толық көлемде жауап алды деп айта аламыз.