Мамырдың 17 күні Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы аясында, 2017-2018 оқу жылында жарияланған «Оқушы оқуға міндетті 100 кітап» жобасының қорытындысы шығарылды. Жобаның мақсаты: оқушылардың ұлттық және әлемдік әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, кітап оқуға баулу. «Оқушы оқуға міндетті 100 кітап» жобасының жеңімпазы - оқу жылында 20-дан астам кітап алып оқыған 8 «Б» сынып оқушысы Камирова Нұрай «Кітап оқушылардың көшбасшысы» атанды. Сонымен қатар, жыл бойы кітапханада өткізілген іс-шараларға белсене қатысып, үзбей кітап алып оқыған үздік оқырмандар әр-түрлі номинациялар бойынша марапатталды.
Карибаева А.К.