Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Сарыарқа жұлдыздары» салтанатты кездесуі
30-05-2018 22:03
«Сарыарқа жұлдыздары» салтанатты кездесуі

     Бүгін, яғни 2018 жылғы мамырдың 30-ыншы жұлдызында «Ақ отау» мейрамханасында Павлодар қаласының әкімінің орынбасары Мұқанов Саян Назымұлының қатысумен жыл сайынғы дарынды оқушылармен «Сарыарқа жұлдыздары» салтанатты кездесуі болып өтті. Мерекелік шараға жалпы пәндер бойынша облыстық, республикалық олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері шақырылған болатын.

      Мектебіміздің 10-ыншы сынып оқушылары, Республикалық олимпиада жүлдегерлері Қасымжан Зухра мен Бектемирова Бекданаға диплом, «Сарыарқа жұлдыздары» стелласы және бағалы сыйлық (ноутбук) ұсынылса, пән мұғалімдері Асаинова Шынар Бәкібайқызы мен Аубакирова Манат Камельқызына қала әкімі Н.К. Ашимбетовтың «Алғыс хаты» табысталды.

     Зухра мен Бекданаға шығармашылық табыс тілей отыра, жеткен жетістіктерімен құттықтаймыз! Бұл кездесу біз үшін үлкен нәтиже болып табылады және барша оқушылар мен мектеп ұстаздарын ынталандыра түсетіні сөзсіз.

      Бүгінгі жасалған мерекелік көңіл-күйдегі салтанаты іс-шара үшін ата-аналар және мектеп ұжымы атынан Павлодар қаласының әкімі Нұржан Кемерұлы Ашимбетовке және қалалық білім беру бөлімінің басшысы Гүлжан Шаяхметқызы Қадырбаеваға ерекше ризашылығымызды білдіреміз!