Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
№35 МЕКТЕПТЕ БІРІНШІ СЫНЫПҚА БАЛАЛАРДЫ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ФОРМАТТА ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
12-06-2018 10:24
№35 МЕКТЕПТЕ БІРІНШІ СЫНЫПҚА БАЛАЛАРДЫ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ФОРМАТТА ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

     Баланы бірінші сыныпқа тіркеу оңай бола бастады. Енді ата-аналар үйден шықпай-ақ бірінші сыныпқа балаларын онлайн түрде тіркей алады. Жаздың басталуымен «Mektep Pavlodar» цифрлық жобасы іске қосылды.

     Бұл жоба білім беру ұйымына 1 сыныпқа балаларды автоматтандырылған түрде тіркеу болып табылады. Енді ата-аналар өтінішті электронды түрде бере алады, білім беру ұйымына қабылдау үшін керекті құжаттарды беруді жүзеге асыра алады, білім беру ұйымын және сыныпты таңдауға және оқыту тілімен танысуға мүмкіндіктері бар. Өтінішті қарау нәтижесін ата-аналар ұялы телефонға жеткізілетін PUSH-хабарландыру арқылы біле алады.

     Уақытты үнемдеу - электрондық жүйенің басты артықшылығы. Сонымен қатар цифрлық формат барлық іс-әрекеттердің ашықтығын қамтамасыз етеді. Әркім бірінші сыныпқа баласын өзіне ыңғайлы кез-келген уақытта, үйден немесе кеңседен компьютер, ноутбук, планшет немесе тіпті ұялы телефон арқылы тіркей алады.

     Қызмет көрсету мерзімі: өтініш пен құжаттар топтамасын қызмет берушіге тапсырған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде push-хабарландыру келеді. 1 сыныпқа қабылдау мерзімі: 1 маусымнан 30 тамызға дейін.

     Сонымен қатар балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін төмендегідей құжаттар қажет:
1) ата-анасының бірінің (немесе өзге де заңды өкілдерінің) көрсетілетін қызметті алушының электрондық құжат нысанындағы өтініші;
2) баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;
3) денсаулық жағдайы туралы анықтаманың (форма 026/у-3) электрондық көшірмесі;
4) 3х4көлеміндегі цифрлық фотосурет;
5) психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия қорытындысының электрондық көшірмесі (қажет болған жағдайда).

      Айта кететін жайт, №35 мектеп қызмет көрсету аумағында тұратын, ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын барлық балалардың бірінші сыныпқа қабылдануын қамтамасыз етеді.
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің сайтында https://bilim-pavlodar.gov.kz/content/view/1/20706?lang=kz- «Бірінші сыныпқа қабылдау» қосындысы ашылған.