Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Ескерткіш маңындағы кездесу» жобасы
19-06-2018 13:29
«Ескерткіш маңындағы кездесу» жобасы

      «Рухани жағыру» бағдарламасы «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Ескерткіш маңындағы кездесу» жобасы аясында Павлолар қаласының №35 жалпы орта білім беру мектебінің бағдарлы және мектеп жанындағы сауықтыру лагерінің оқушылары қатысуымен Сатпаев көшесінде орналасқан ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың ескерткіші жанында шара өткізілді. Оқушылар ескерткіш туралы мәлімет ала отырып, ақынның өмірбаяны мен шығармаларымен танысты, өлеңдерін оқыды.

      2000 ж. Павлодар қаласында көркем мұражайдың алдында ақын С. Торайғыровқа ескерткіш орнатылды, ескерткіш 2009 жылы Академик Сәтбаев көшесі бойындағы фонтан жанына көшірілді.
      Сұлтанмахмұт Торайғыров – қазақтың ақын-демократы, Баянауыл ауданының тумасы. Қысқа өмірінде қазақ әдебиетінде жарқын із қалдырды.
      Ақынға ескерткіш қоладан дайындалды, тұғыры қызыл және қара граниттен. Ескерткіш ақынның қарағай жанында тұрған қола мүсінінен тұрады. С.Торайғыров жастарға лайық, ақын-лирик және романтик ретінде бейнеленген. Қасірет элементтері постамент шешімін толықтырады, олар қызыл және сұр граниттің үйлесімі және екі кішкентай пирамида түрінде жасалған архитектуралық нысандар. Пирамидалар, егер ақын ұзақ өмір сүрсе, ол қазақ әдебиетінде биік шыңға жетерін мегзейді.
      Мүсін авторы – Қазақстан Республикасы өнеріне еңбегі сіңген қайраткер Есхан Сергебаев. С. Торайғыров мемориалы қаланы безендірді және республикалық мағынадағы ескерткіш болып саналады. Тарих және архитектура ескерткіштері халықтың мәдени жетістігі болып табылады, сондықтан олар мемлекет қорғауында.