Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Бауыржан Момышұлының келбеті» атты тарихи сағат
13-11-2018 13:34
«Бауыржан Момышұлының келбеті» атты тарихи сағат

      Қарашаның 13-ші күні мектеп кітапханасында 8 «Ә» сынып оқушыларының қатысуымен «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті майдангер жазушысы Бауыржан Момышұлының шығармашылығына арналған «Бауыржан Момышұлының келбеті» атты тарихи сағат өткізілді. Оқушылар «Бір ел - бір кітап» акциясының тарихымен және жазушының акция аясында таңдалып, жаппай оқуға ұсынылған «Ұшқан ұя» атты кітабымен танысып, романнан үзінділер оқыды. «Ұшқан ұя» шығармасында жазушы ауылдың ауыр тұрмысын, ондағы әжесі, ағалары, әпкелері және басқалардың қиын жағдайларын суреттегені және көне заманнан күні бүгінге дейін сақталып келе жатқан халқымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары да шығармасына арқау болғандығы айтылады.
       Сонымен қатар, жастарға патриоттық тәрбие беру ісінде жазушының өмір жолы, әскери ерліктері, командирлік талаптары, ой-толғаулары ерекше маңызды болып табылатыны айтылды. Тарихи сағат «Бір ел - бір кітап» атты кітап көрмесіне жасалған библиографиялық шолумен қорытындыланды.
                                                                                                                       Карибаева А.К.