Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ШАХМАТ –АҚЫЛ-ОЙ СПОРТЫ
29-11-2018 11:44
ШАХМАТ –АҚЫЛ-ОЙ СПОРТЫ

        Бүгін №25 ЖООБМ-нің базасында елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай «Елің сүйген - Елбасы» атты қалалық шахматтан оқушылар арасындағы турнир өтті. Турнирге біздің мектеп атынан Искаков Арман Садырбекович жетекшілік ететін шахмат үйірмесінің командасы (құрамында 4 оқушы) қатысқан болатын. Жекелей сында Кубекова Милана мен Ержан Ділназ І дәрежелі дипломдармен, Қасымжомарт Әміре ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Біздің команда жалпы командалық есепте 2 орынды иеленді. Мектеп намысын қорғап, үлкен жетістікке жеткен жас шахматшыларымызға тек ғана табыс тілей отыра айтарымыз:

Тер төккен жеңіске жетуге,
Талпынған мәреден өтуге.
Спортшы мектептің мақтаны,
Сенімен мерейім бекуде.

Қажыма, қаймықпа, тартынба,
Қайту жоқ елімнің салтында.
Мектептің айбынын көтерер,
Күтіп тұр болашақ алдыңда.

 

БІЗ СЕНДЕРДІ МАҚТАН ТҰТАМЫЗ! ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!