Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«ӨЛДІ ДЕУГЕ СЫЯ МА, ОЙЛАҢДАРШЫ, ӨЛМЕЙТҰҒЫН АРТЫНА СӨЗ ҚАЛДЫРҒАН»
06-09-2019 12:00
«ӨЛДІ ДЕУГЕ СЫЯ МА, ОЙЛАҢДАРШЫ, ӨЛМЕЙТҰҒЫН АРТЫНА СӨЗ ҚАЛДЫРҒАН»

Жаңа оқу жылының 4-11 қыркүйегіаралығында Павлодар қаласының білім беру бөлімі, сондай-ақ, Павлодар облысының мәдениет және тіл басқармасының ұйымдастыруымен Павлодар қаласының мектептерінде 8-11 сынып оқушылары үшін қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында «Абай сабақтары»өткізілуде.

Бұл іс-шараның мақсаты ұлы ақын, композитор, ғұлама, hакім Абайдың шығармашылығы туралы оқушылардың білімін кеңейту, ақынның  өлеңдері мен қарасөздерін насихаттау,оқушылардың қазақ елінің тарихы менмәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру болып табылады.

Павлодар қаласының №35 жалпы орта білім беру мектебінде де данышпан Абай Құнанбайұлына арналған абайтану сабағы өткізілді. Оны республикамызға белгілі абайтанушы, атақты жыршы, ақын Даниял Сабырұлы Асенов жүргізді.

Жыршы ғұлама ақынның өлеңдері мен қарасөздерін жатқа оқып, өзінің тыңдармандарын Абай әлеміне  тарта білді, келелі ойдың мөлдір бұлағынан сусындатты. Оқушылар зор зейін қоя тыңдап, үлкен қызығушылықтарын танытты. Ал 8-сынып оқушысы Қалкеш Ерсұлтан  Абай Құнанбаевтың «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңін оқып берді.

Қазақты тану үшін Абайды оқу қажет, ал Абайды түсіну үшін азамат болу шарт. Абайды тану - қазақтың өзін-өзі тануының, басы да, соңы да. Айдай анық нәрсе - Абай ақын ғана емес, ол өлеңдері арқылы өз халқының мінін көрсете білген дана сыншымыз.

«Жүрегіңнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма»,- деп еліне шамшырақтай сәуле шашып кеткен ұлы ақынымыздың тек қана осы өлең жолдарының өзінде қаншама философиялық ойлар жатыр десеңізші! «Абай дана, Абай дара қазақта» дегендей Абайдың әр туындысы - тұнып тұрған даналық қой. Сол даналықты келешек ұрпаққа жеткізу, шашауын шығармай      санасына құю – біздің міндетіміз. Абайды оқиық, даналықтан сусындайық!