Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«ӘЛЕМГЕ ТАНЫЛҒАН ҰЛЫ АБАЙ»
29-01-2020 22:32
«ӘЛЕМГЕ ТАНЫЛҒАН ҰЛЫ АБАЙ»

«ӘЛЕМГЕ ТАНЫЛҒАН ҰЛЫ АБАЙ»

Бүгін №35 мектепте ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын тойлауға арналған шаралар аясында «Әлемге танылған ұлы Абай» атты іс-шара ұйымдастырылды. Шараға белгілі Алаштанушы, Абайтанушы, халықаралық «Рух» әдеби сыйлығының иегері, көрнекті ақын, әнші Ықылас Ожайұлы, Абайтанушы, белгілі жыршы, «Абай ауылға келді» жобасы арқылы өңірімізге танылған Даниял Әсенов қатысты. Кешті белгілі айтыскер ақын Қуаныш Шарманов жүргізді.

Шара барысында Абай әндері шырқалып, ғұламаның өлеңдері орындалды. Оқушылар кеш қонағына сауалдарын қойып, ойларымен бөлісті.

Мектеп кітапханасының ««Әлемге танылған ұлы Абай»  тақырыбындағы кітап көрмесі қатысушылар назарына ұсынылды. Айта кету керек, көрмеге қойылған кітаптар кітапхананың сирек кездесетін кітап қорына тиесілі.

«Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы - соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ.» деп қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы,  Ахмет Байтұрсынов айтқандай Абай – қазақ әдебиетінің темірқазығы болып мәңгілік қала бермек. Бүгінгі іс-шараны ұйымдастырған, танымды да мәнді ой өрбіте білген ағаларымызға мектеп ұжымы мен оқушылары алғыс білдіреді! Жыл көлемінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын тойлауға арналған шаралар ұрпақ тәрбиесінде атқарар рөлі шексіз.