Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«АБАЙ ҮНІ, АБАЙ ЛЕБІ» Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай
21-02-2020 10:35
«АБАЙ ҮНІ, АБАЙ ЛЕБІ» Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай

«АБАЙ ҮНІ, АБАЙ ЛЕБІ» Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, ақын шығармашылығын жас ұрпақтың «жүрегіне терең бойлатып», Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту, дарынды жастарды анықтау және оларға шығармашылық тұрғыдан қолдау көрсету мақсатында мектебімізде «Абай үні, Абай лебі» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Кеш Абай атамыздың үлгілі өмірінен үзінді көрсетуімен басталды. оқушылар Абай бейнесін шебер сомдай білді. 9 – 11 сынып оқушылары Абайдың өлеңдерін, аудармаларын, қара сөздерін нақышына келтіре орындады. Ал, 10 «А» сынып оқушысы Нуркаева Аружан ақынның «Қыс» өлеңін корей тіліде оқып, көрермендерді тәнті етті. 11- сынып оқушылары А.Байтұрсыновтың «Қазақтың Бас ақыны» атты мақаласынан үзінділер оқып, қазақ халқы үшін Ұлы ақынның қаншалықты қымбат екенін тыңдармандарға жеткізе білді. Қалалық сайыстың жеңімпазы 5 сынып оқушысы Бейсенова Дияраның орындауындағы ақынның «Сегіз аяқ» әні кештің соңында орындалған тыңдармандарбен бірге «Көзімнің қарасы» әніне ұласты. Абай атамыздың асыл мұрасы әр тыңдарман жүрегіне терең бойлай білгені анық. Бұл кешті ұйымдастырған мектебіміздің «Абайтану» пәнінен сабақ беретін мұғалімдер: Табикенова Қ.С, Мундуинова А.Е Ұйымдастырушыларға шығармашылық табыс тілеймін.