Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«ӘЛ- ФАРАБИДІҢ РУХАНИ МҰРАСЫ»
21-02-2020 10:37
 «ӘЛ- ФАРАБИДІҢ РУХАНИ МҰРАСЫ»

 «ӘЛ- ФАРАБИДІҢ РУХАНИ МҰРАСЫ»
«Білімсіз адамгершілік молаймайды, білімсіз адам өзгенің абзал қасиеттерін тани алмайды. Жан дүниені тәрбиелемей үлкен жетістікке жету жоқ. Ғылым мен тәрбие ұштасса ғана рухани салауаттылыққа жол ашылмақ. Мінез құлқын түзей алмаған адамның ақиқат ғылымына қолы жетпейді» деп артынан қазыналы сөз қалдырған ғұлама Әл-Фарабидің туғанына биыл 1150 жыл толып отыр.
Осыған орай, бүгін мектебімізде ұлы ғұлама Әл-Фарабидің өмірі, еңбек жолы, рухани мұрасы туралы пікірлесу, ғұламаның ерекше тұлғалық қасиеттерін насихаттау мақсатында «Әл- Фарабидің рухани мұрасы» тақырыбында семинар өтті.
Мазмұнды да, мағыналы өткен іс-шарамызға қаламыздағы белді жоғары оқу орындарынан ғалым-ұстаздар келіп, қатысты.
1. Айтмұхамбет Қасымбайұлы Тұрышев – Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы;
2. Зейнуллина Айман Файзуллаевна – Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінде филология ғылымдарының кандидаты, профессор, қазақ тілі және журналистика кафедрасының меңгерушісі;
3. Асыл Әбішев – журналист, «Найзатас» журналының редакторы;
Энциклопедист ғалым жайлы мағыналы баяндамалар оқылды, оқушылар өздерінің ізденіс жұмыстарын ортаға салды, өлең оқылып, күй тартылды. Әл-Фараби жайлы ғалымдарымыз құнды ой-пікірлерін айтып, Әл-Фараби мектебін жан-жақты ашып көрсетті.
Іс-шараға қатысқан қала мектептерінен келген ұстаздар да, ғалым-ұстаздарымыз да, әсіресе, оқушыларымыз үлкен әсер алып, аса құнды рухани азық алып қайтты деген ойдамыз!
Мазмұнды, ұтымды, жоғары деңгейдегі іс-шараны ұйымдастырып, өткізген тарих пәнінің мұғалімі Жунуспаева Қалқа Хамитовна.