Ағымдағы жылдың 29 қазанында "Павлодар қаласы № 43 жалпы орта білім беру мектебі" ММ-де Қамқоршы күні аталып өтті. Осы іс-шара аясында ZOOM форматында "Бала өміріндегі қамқоршының рөлі" атты дөңгелек үстел өткізілді. Осы шараға мектебіміздің директоры К.К.Молдабеков, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.С.Бейсекеева, педагог-психолог Т.Н. Великая және О.А. Тортопиди, балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі инспектор Д.М.Бектурсынова, әлеуметтік педагог С.З.Каирбаева, қамқоршылар және сынып жетекшілері қатысты. Мектеп директоры К.К.Молдабеков қамқоршыларды мерекемен құттықтап, балаларға лайықта тәрбие берген үшін алғысын білдірді. Қамқоршыларды балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі инспектор Д.М.Бектурсынова құттықтады.
ZOOM конференциясында барлық қатысушылар пікір алмасып, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу мәселелері бойынша психологтан кеңес ала алды. Конференция соңында қамқоршылар балаларға жасалып жатқан жақсылықтары үшін мектеп ұжымына алғыс сөздерін білдірді.