2021 жылы 16 Наурызда 11-сынып оқушылары арасында VII Республикалық "Сардар" кешенді олимпиадасының қалалық кезеңі өткізілді. "Сардар" олимпиадасы оқушыларға өздерін көрсетуге, таланттарды ашуға және ой-өрісін кеңейтуге, қызығушылықтарын анықтауға және өз қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Мектептен 11 "А" сынып оқушысы Тасамбаев Тамерлан қатысты. Бұл олимпиада 2 турда өткізілді: теориялық және практикалық. Теориялық құрамына математика, физика, алғашқы әскери дайындық, орыс тілі және Қазақстан тарихы пәндерінен тест тапсырмалары кірді. Практикалық тур-дене шынықтырудан нормативтерін орындау. Олимпиада қорытындысы бойынша Тасамбаев Тамерлан II жүлделі орынға ие болды. Тамерланды құттықтаймыз және сәттілік пен көптеген жеңістер тілейміз!
Директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Бейсембаева А. К.