26-28 қазан аралығында мектепте Қамқоршылар күніне арналған іс-шаралар өтті. Бұл ерекше мереке, шын жүректен балаларға жан жылуын, нәзіктік пен көңіл бөле білетін адамдарға арналған мереке. Осыған орай "Балаларға махаббат сыйла" мерекелік құттықтау концерті ұйымдастырылды. Аталмыш шарада мектеп басшысы Қ.Қ. Молдабеков, басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Б.М. Шакенова, балалардың құқығын қорғау жөніндегі инспектор Д.М. Бектурсынова, әлеуметтік педагог М.С. Смыкова, ата-ана-қамқоршылар және балалар қатысты. Іс-шараны мектеп басшысы отбасыларға құттықтау сөздерімен және ізгі тілектерімен бастады. Бағдарлама барысында ата-аналар мен балалар отбасылық дәстүрлер туралы баяндап берді, ойын ойнап, сурет салды және отбасы, достық пен өзара түсіністік туралы танымал сөздерді бірге оқыды. Концерт соңында қамқоршылар мектептің педагогикалық ұжымына балаларына көңіл бөлгені және қамқорлығы үшін алғыстарын білдірді.
"Балаларға махаббат сыйла"