Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
87782194989
email: sosh43@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қ., Лермонтов көш., 95-ші үй
556862 - қабылдау бөлмесі, 555860 - директордың орынбасары, 513210 - бухгалтерлік есеп
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Тарих апталығы
24-01-2023 12:21
Тарих апталығы

Мектептің жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылдың 16-20 қаңтар аралығында тарих апталығы өткізілді.                                     

Апталықтың мақсаты оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту, тарихты зерттеуге қызығушылығын арттыру болды.

Тапсырмалар:

- Оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамытуға, тарих бойынша білімдерін кеңейтуге ықпал ететін іс-шаралар өткізу;

- Шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру;

- Патриотизмді, сезім мәдениетін (жауапкершілікті, ар-намысты, парызды) тәрбиелеуге жәрдемдесе отырып, оқушылардың дербес және жеке, ұжымдық тәжірибелік қызметін ұйымдастыру.

       Тарих апталығын өткізу – бұл оқушылар үшін ойын – сауық емес, сабақтан тыс іс-шараларды ұйымдастырудың бір түрі, ол оқытудың негізгі бағдарламалық курсымен байланысты болуы керек, оны тереңдету, толықтыру және сол арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру, олардың дамуына ықпал ету, олардың көкжиегін кеңейту.       

Тарих апталығын өткізу жоспарына сәйкес келесі іс шаралар өткізілді:

19-қаңтарда 5-сыныптарда «Өз ойыным» викторинасы өтті, жауапты А. М. Рахимова .

6-сыныптарда Қазыбек бидің туғанына 355 жыл толуына арналған тақырыптық сағат ұйымдастырылды

2023ж. 17.01. жауапты Д.О. Хамиева

7-ші сыныптар 20 қаңтарда «А. Байтұрсынов - Ұлт ұстазы» тақырыбында үгіт-насихат бригадасын өткізді, жауапты мұғалім М.В. Марченко.

19 қаңтарда 8-ші сыныптар «Мәншүк есімді жұлдыз» презентация конкурсына қатысты, жауапты  Г. С. Бейсекеева

9-шы сыныптарда 16 қаңтарда «Тәуелсіздік бастауында» тақырыбында ақпараттық сағат өтті, жауапты Ю. В. Жигулина

20 қаңтарда 10-11-ші сынып оқушылары үшін «Жастар және қазіргі заманғы мемлекет» атты қызықты пікірталас турнирі ұйымдастырылды, жауапты Д. О. Хамиева.

Пәндік апта ішінде тарих сабақтарында оқушыларға арналған «Білімді кәмпитке ауыстыру» атты танымдық ойын өткізілді. Балалар әртүрлі тақырыптар бойынша өз білімдерін көрсетті. 5-ші сыныптар «Қазақстан ежелгі дәуірде» тақырыбындағы сұрақтарға жауап берді,

6-сыныптар «Қазақстан орта ғасырлардарда»

7-ші сыныптар «Қазақстан орта ғасырлардан қазіргі заманға дейін»

8-ші сыныптар «Алаш қозғалысы»,

9-шы сыныптар «Тәуелсіз Қазақстан»

10-шы сыныптар «Көшпелі империялар кезеңіндегі Қазақстан тарихы».

Тарих пәндік апталығының қорытындысын шығару кезінде белсенді қатысушылар мен жүлдегерлер дипломдармен, грамоталармен, сертификаттармен марапатталды.

Тарих апталығы аясында өткізілген іс-шаралар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға, жалпы және пәндік құзыреттіліктерін қалыптастыруға, жеке тұлғаның патриоттық қасиеттерін тәрбиелеуге және жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етті.