2012 жылғы 5 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың интербелсенді дәрісі өткізілді.
Дәріске 8-11 сыныптың 85 оқушысы, 25 педагог қатысты.
Оқушылар елбасының сөзін тыңдай отыра, мемлекетіміздің даму бағыттарымен, дамыған елдермен тепе-теңдікте болу үшін қандай мақсат-міндеттер қойылғандығын танып, негізгі бағыттарын анықтады.
Елбасы өз сөзінде білім беру жүйесін дамыту керектігін атап өтті:
-
үстіміздегі оқу жылында 35-тен астам оқу мекемелері ашылды;
-
мектепке дейінгі мекемелер саны 3 есе артты;
-
мұғалімдер біліктілігін арттыруға назар аударылуда;
-
Назарбаев зияткерлік мектептер жүйесі ашылуда, бұл мектеп бітірушілердің Назарбаев Университетіне оқуға түсулеріне мүмкіндік береді.
Сонымен қатар дәріс барысында тұрғындарды еңбекпен қамтуға арналған «2020 бағдарламасы» сөзге тиек етілді. Н.Ә.Назарбаев қазіргі кезде еліміздің барлық азаматтарының еңбек ету керектігін атап өтті.
«Болашақ» бағдарламасы аясында 5 мыңнан астам студент шетелде білім алуда. Республикада осы сияқты мектеп жасына дейінгі балалар үшін «Балапан» бағдарламасы бар.
Дәріс соңында оқушылармен және педагогтармен әңгіме өткізілді. Мұғалімдер мен жоғары сынып оқушылары шараның өткізілуі туралы пікір жазып қалдырды. Пікірлер жергілікті БАҚ беттеріне жіберілді.