«Жақсылық, әдептілік және достық сәті»
№ 43 ЖОМ ММ 4 «Г» сынып оқушылары «Құстарға қыс мезгілінде не қауіпті: суық па? аштық па?» деген сұраққа дұрыс жауабын біледі. Бұл сұраққа дұрыс жауап беріп, игі жұмыстар жасайды. Сонымен, 2014 жылдың 13 ақпанында балалар «Жақсылық, әдептілік және достық сәті» акциясына белсенді қатысты.
Олар үйлерінде ата-аналарымен құсқа жем салатын ақыр жасап, мектеп ауласындағы ағаштарға іліп қойды. Құртақандай құстар мектеп оқушыларынан қуана-қуана азықты қабылдады. Құстарды қыста азықтандырыңыз!