Сенім телефоны
87782194989
email: sosh43@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қ., Лермонтов көш., 95-ші үй
556862 - қабылдау бөлмесі, 555860 - директордың орынбасары, 513210 - бухгалтерлік есеп
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
FLEX алысу мектеп бағдарламасы
27-09-2014 03:48
FLEX алысу мектеп бағдарламасы

2 қазан күні сағат 9.00-де біздің мектеп базасында Халықаралық білім беру бойынша Америкалық Кеңес FLEX алысу мектеп бағдарламасы бойынша тестілеу өткізеді.

Конкурсқа келесі талаптарға жауап беретін барлық оқушылар қатыса алады:

• 8, 9 немесе 10 сынып оқушысы (2014-2015 оқу жылы), және 9-шы сыныптан кейін колледждің 1 курс студенті;

• 1998 жылдың 1 қаңтарынан 2000 жылдың 15 шілдесіне дейінгі аралықта туылса;

Қазақстан Республикасының азаматы (азаматшасы) болса;

соңғы 5 жылда АҚШ-та 3 айдан аса тұрмаса.

Біз сонымен қатар конкурсқа қатысуға 1997 жылдың 1 наурызынан 2000 жылдың 15 шілдесіне дейін туылған физикалық мүмкіндігі шектеулі балаларды және 8-11 сынып оқушыларын шақырамыз.

Тестілеуге қатысу шарттары:

·                     Конкурсты өткізу кезінде орта мектепте оқу керек. Бағалары жақсы және өте жақсы болу керек.

·                     Бұрында ағылшын тілін үйренген  және конкурсқа қатысу кезінде ағылшын тілін білетінін көрсету керек.

· америкалық кіру визасын беру бойынша талапқа жауап беру.

·                     Әзербайжан, Армения, Грузия, Қазақстан, Қырғыстан, Молдова, Тәжікстан, Түркменстан немесе Украина азаматы болу және олар конкурсқа қай елде қатысса, сол елдің шетелдік төлқұжатын алу мүмкіндігі болу керек.

Физикалық мүмкіндігі шектеулі мектеп оқушылары конкурсқа қатысуға шақырылады.  Әр жыл физикалық мүмкіндігі шектеулі шамамен 20 жоғары сынып оқушылары FLEX  бағдарлама шеңберінде АҚШ-та өмір сүреді және білім алады. Олар барлығы конкурсты жалпы негізде өтеді.

* Оқушылар АҚШ-қа барғанға дейін өз сыныбын басқа сыныпқа ауыстырса, бағдарламаға қатыспайды.

**12-ші сынып оқушылары әскери қызметтен босату алу керек.

Конкурсқа қатысуға кімнің құқығы жоқ?

Оқушылардың конкурсқа қатысуға құқығы жоқ, егер:

·                   - ол жоғарыда көрсетілген критерийлерге жауап бермесе;

·                   - ол соңғы 5 жылда АҚШ-та 3 ай және одан көп өмір сүрсе.

·                    оның отбасы немесе отбасы мүшесі:

- АҚШ-қа эмиграцияға құжатты тапсырса немесе тапсырып жатса,

- АҚШ-қа эмиграцияға кететін болса немесе әлдеқашан эмиграцияланған болса.