Бүгін Тұңғыш Президент күнін мерекелеу аясында барлық сыныптарда Президент сағаты өткізілді. Мұғалімдер мен оқушылар егемендік жолындағы Қазақстан жетістіктері, ұлттық бірлікті нығайту және халқымыздың әл-ауқаты туралы мағлұматтармен таныстырды. Тұңғыш Президентіміздің Республика және халық алдында сіңірген еңбектерінен хабардар болды. Балалар өлең оқып, ән шырқады, Н.Ә.Назарбаев туралы деректі фильмдер көрді.