Кеше біздің мектебімізде Күзгі бал шарасы өтті. Осы мерекеде табиғат сый-сияпатымен қоса, талант өнерін тамашалауға әбден мүмкін. 8 сынып оқушылары ашық түсті костюм киіп, қойылымдар қойды, сұрақтарға жауап беріп, ең жақсы салат жасады. Әділ-қазылар алқасы қорытынды шығарғанша, «Смайлики» тобының би өнерін тамашаладық.