22 қыркүйек күні тілдер айлығына орай мектепшілік "Қазақстан - ортақ шаңырағымыз" атты фестиваль өтті. Фестивальге 4 - сынып оқушылар қатысты. Әр сынып жеке ұлттың салтын, мәдениетін, ұлттық тағамын таныстырды. Аталған іс-шара барысында оқушылардың дарынды қабілеті айқындалды. Сайыс соңында әр сынп фестивальге белсене қатысқаны үшін марапатталды.