2016 жылдың 11 сәуірінде мектебімізде Қазақ тілі апталығы басталды. Апталықтың мақсаты қазақ тілінің мәртебесін арттыру, оқушылардың өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын шыңдау, өзін-өзі дамыту, коммуникативтік, оқу-танымдық құзіреттіліктерін дамыту. Тіл мамандарымен апталықтың өтілу жоспары құрастырылып, оқушылар назарына ұсынылды. Жоспарға сәйкес бұл күні апталықтың жұмыс жоспары басталды. Апталықтың басталысымен мектептің екінші қабатында апталыққа арналған апталық жоспары, бастауыш және орта буын оқушыларына танымдық қызығушылықты арттыру мақсатында шығармашылық жұмыстар көрмесі шығарылды. Апталықтың ашылуы 7 және 8-сынып оқушыларынан құрылған бірлескен топқа жүктелді. Бұл оқушылар барлық сыныптарға кіріп, апталықтың ашылуын жариялап, танымдық-коммуникациялық жұмыс жүргізді. Қоңырау уақытында дәлізде қазақ әуендері шырқалды. Бірінші күннен-ақ оқушылар үлкен әсер алды.
И. Р. Гросс, қазақ тілі мұғалімі