Сенім телефоны
87782194989
email: sosh43@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қ., Лермонтов көш., 95-ші үй
556862 - қабылдау бөлмесі, 555860 - директордың орынбасары, 513210 - бухгалтерлік есеп
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Тапсырма орындалды!
15-03-2017 07:15
Тапсырма орындалды!

Тапсырма орындалды!
Квест (ағылшын тілінен «Quest – іздеу») – бұл соңында түрлі ойжұмбақтарды және логикалық тапсырмаларды шешумен аяқталатын сюжеттік желісі бар интерактивті ойын. Орыс тілі және әдебиеті апталығы шеңберінде өткен 6-шы сынып оқушылары үшін бұл танымал ойын барлық талаптарға сай. «Оқылмаған сабақтар елінде» отбасылық ойын-квесті Лия Гераскинаның бір аттас кітабы сарыны бойынша құрастырылған. Ойынға 6-шы сынып параллельдерінен 5, ата-аналар командасы, 2 жанкүйер командасы қатысты. Ойын ғажап хат алудан басталды: Витя Перестукин оқуға деген немқұрайлы көзқарасы үшін мектеп оқулықтарының шешімі бойынша «Оқылмаған сабақтар» елінде басына түскен қорқынышты сынақтар туралы айтылған. Бұл хат қатысушылар үшін алғашқы сынақ: «Сауатты кісінің» хатындағы барлық қателерді түзету және квесттің әрі қарай өтуіне рұқсатын алу керек болды. Қызыл сиямен қаламды алып, алтыншы сынып оқушылары құлшыныспен хикая кейіпкері жіберген қателерді түзетті. Ойыншылар алғашқы сынақты ойдағыдай өтіп білікті әділқазылар орыс тілі және әдебиеті мұғалімдері Гришина Валентина Ивановна және Влашенюк Ольга Олеговна табыстаған рұқсат қағазын алды. Рұқсат қағазын алғаннан кейін қатысушылар Оқылмаған сабақтар елінің картасын алып, хикая кейіпкерін құтқару үшін бағытты анықтады. Оқылмаған сабақтар елінің күзетшілерінен өту үшін ағылшын әріптерімен шебер жасырылған мақалды тауып оқу керек болды: RЛSЮWIДZQИLAQLGHUEJDCTUESHЫRSWCJOЗLUNДNQLGAЮURQLTГGUJZROPJZOДGA.
Бұл тапсырманы сәтті орындаған оқушылар келесі тосқауылдың шабуылына кірісті: құрамды есептік сан есімді септеу әрі пол- және полу- сөздерінің бөлігімен сөздерді дұрыс жазу. Ойыншылар әр жеңісті картада көңілді смайликтермен белгілеп отырды. Әрі қарай бағыт бойынша ойыншыларды рубус, сөзжұмбақ, жұмбақтар түрінде тапсырмалар күтті. Алтыншы сынып оқушылары Витя Перестукинді құтқарып жатқанда жанкүйерлер командасы қызықты тапсырма: шашылған мақал-мәтелдерді жинады. Ата-аналар да квест-ойынға белсенді қатысты. Әрқайсысы сұрақтарға жауап берді:
1. Сіздің балаңыздың ең жақын досы кім?
2. Сіздің балаңыз жаман баға алса не істейді: бәрін айтады, дәптердің (күнделіктің) бетін жыртып тастайды, жақсы бағаға түзетеді?
3. Сіздің балаңыздың сүйікті ертегі кейіпкері?
4. Сіздің балаңызға ән сабағынан кім береді?
5. Сіздің балаңыздың сүйікті пәні қандай?
6. Сіздің балаңыздың сүйікті мультфильмі?
7. Дене шынықтыру мұғалімінің аты-жөнін білесз бе?
8. Сіздің балаңыз қандай ойын ойнағанды ұнатады?
9. Сіздің балаңыз қандай пәнді ұнатпайды?
Ата-аналар қойылған сұрақтарға дұрыс және шынайы жауап бергенін айта кеткен жөн, сәйкестік 100%, бұл ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты көрсетеді. Осыдан кейін ата-аналар «Буриме» сайысында өздерінің шеберліктерін көрсетті және ызың дауыссыздардан кейінгі О-Ё әріптерінің дұрыс жазылуына байланысты жасанды диктант үшін әділқазы мүшелерінен «жақсы» деген баға алды. Барлығының алдында бір мақсат – тапсырмадан өту және хикая кейіпкеріне көмектесу болғандықтан, отбасылық квест-ойында жеңімпаздар болған жоқ. Оқушылардың маңызды рөлді түсінгені туралы Грамматика Сарайындағы жалқау және екіге оқитын Витя Перестукинге берілген тапсырманы ынтымақпен, бір уақытта бірігіп орындауы куәландырады. Хикая кейіпкерін құтқару бойынша тапсырма орындалды, қатысушылар тәтті сыйлықтар, ата-аналар – кәдесый алды. Ойынды жүргізген оқу-тәрбие жұмысы жөнінде директордың орынбасары, орыс тілі және әдебиеті мұғалімі Сарсикеева Сауле Каировна.