"Бәйтерек" интеллектуалдық байқау
Бүгін №43 орта білім беру мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті апталығына орай 7 "Б" сыныбында "Бәйтерек" интеллектуалдық байқау өтті. Аталған байқауға мектеп мұғалімдері, ата-аналар қатысты. Байқау үш айналымнан тұрды "Келісемін - келіспеймін", "Танымал тұлғалар", "Самұрық". Бұл айналымның сұрақтары өте қызық болды. "Адал ұрпақ", "Керемет" пен "Әділет" деп аталған үш команда қатысты. Командалар қатысушылары әдебиетінен географиясынан, қазақ тілі мен әдебиетінен салт-дәстүр өз білімдерін көрсетуге тырысты. Бұл өте танымды сайыс болды. "Адал ұрпақ" командасы жетекшісі 7 "Б" оқушысы Тасамбаев Тамерлан ең белсенді, білгір қатысушы ретінде танылды. Әрине бұл команда жеңіске жетті.
Мұндай тартымды байқауды ұйымдастырған: С.Л. Хамитова