Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
87782194989
email: sosh43@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар облысы, Павлодар қ., Лермонтов көш., 95-ші үй
556862 - қабылдау бөлмесі, 555860 - директордың орынбасары, 513210 - бухгалтерлік есеп
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
ЖАН ЖЫЛУЫН АДАМЗАТҚА СЫЙЛА...
11-05-2017 04:57
ЖАН ЖЫЛУЫН АДАМЗАТҚА СЫЙЛА...

Волонтёрлік – бұл жұмыс емес, хобби емес, әуесқойлық емес – бұл ықылас. Бұл еңбек етуді және көмекті қажет ететін адамдарға қол ұшын беру. Біздің ойымызша бастысы ынта болса, әр адам волонтер бола алады.
     Біз – волонтерміз! «Волонтер? Бұның саған не керегі бар? Оның саған қандай пайдасы бар?» дегенді жиі естиміз. Мұндай сөздер жанды жаралайды. Бірақ олар волонтер – қандай да бір жұмысты тегін және басқаларға өз ниетімен көмектесетін ерікті көмекші екенін түсінбейді.
     Бұрында біздің мектепте волонтер болып, басқаларға көмек көрсетуге болатынын ойламаппыз. Мұндай мүмкіндікті біліп, ойланбастан көмектесуге келістік және сол уақытта игі іс жасауға аттандық! Волонтерлік қызметтің тәлімі алуан, бұл тамаша, сондықтан ерекше бір күш-жігер жұмсамай-ақ кез-келген адам қатыса алады. Біздің шағын еріктілер жасағы мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетеді, адамдар мұқтаж болмайтындай, қамқорлық пен назардан тыс қалмайтындай барлық жағдайды жасауға тырысады.
     Биылғы жылды біз толығымен «Самал» орталығына арнадық. Кездесудің алдында адамдар біздің адал ниетімізді дұрыс түсінеді ме екен деп қатты қобалжыдық. Біздің таңғалғанымыз олар бізді мейіріммен, жылы қабақпен қарсы алды. Бізді құшақтай, қол беріп амандаса, таныса бастады.
     Жайласып отырғанда олар өздерінің басынан өткен оқиғаларын айта бастады. Барлық оқиғалар біздің жанымызды тебірентті. Солардың бірі – Луиза деген бойжеткеннің барлық өмірі арбада өтіп жатқаны. Жағдай былай болған: көше бойымен серуендеп келе жатқанда арбадан балшыққа құлаған, бірақ ешкім көмекке келмеген, сол кезде бір мейірімді адам оған көмектесіп, үйіне дейін шығарып салған.
     «Самал» орталығында өмір өз ағынымен өтіп жатыр: жастар отбасын құрады, бала сүйеді және мерекелерді атап өтеді. 8 Наурыз мерекесіне біздің команда аналарға арнап сыйлықтар жинады, сонымен қатар мерекені өткізу үшін залды әшекейледі.
     Волонтерлік– бұл келешектің үлкен негізі, іргетасы. Адамдар бір-біріне көбірек көмектесіп, қол ұшын берсе, әлем жақсырақ болар еді! Сондықтан біз сіздерді игі істер жасауға шақырамыз! Жақсылық жасаңдар!

8-Г сынып оқушылары: Бухтарова Валерия, Волкова Валерия, Кирилина Вера