Әскери-отаншылдық тәрбие – жоғары сынып оқушыларының адамгершілік принциптерін қалыптастыру, қалыпты тәртіпті, ҚР ҚК қатарында мінсіз қызмет атқару, Отанды қарулы қорғау бойынша ізгі борышты орындау, еңбектік, физикалық және әскери-кәсіби дайындықты дағдылау мақсатымен санаға, сезімге, ерік пен физикалқ дамуға педагогикалық ықпалдың ұйымдасқан және үздіксіз үдерісі. АӘД оқытушы-ұйымдастырушы Щетинин Сергей Васильевич өз тәжірибесінде алдағы әскери қызметті атқарғанда қажет болатын пәнді терең меңгеруге, білім, шеберлік пен дағдыны оқушыларда қалыптастыруға негізгі тіреніш етеді. Біздің мемлекеттің тәуелсіздігін және қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталған, сонымен қатар қазақстандық батырлардың ерлігін үгіттеудегі баға жетпес үлесі және келешек Отан қорғаушыларды олардың үлгісімен тәрбиелеуге бағытталған педагогтың белсенді өмірлік ұстанымы «Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ардагерлері» РҚБ төрағасы Б.Е. Ертаевтың, Ауғанстан ардагерлерінің одағы және Қазақстан Республикасының жергілікті соғыс төрағасы Ш.А. Утегеновтың, Ауғанстанда және басқа әскери жанжалдардағы ардагерлер мен мүгедектердің Қоғамдық Бірлестік Үйлестіру кеңесінің төрағасы мадақтамасымен марапатталды. Сергей Васильевич Щетининді жоғары бағамен құттықтаймыз!
С.К. Сарсикеева