Ақпарат иелері ерте заманнан бүгінгі күнге дейін
Ақпарат деген не және ол қалай таралатынын 3 «А» сынып оқушылары кітапханалық сабақта білді. Балалар өткенге виртуалды саяхат жасады. «Кипу», «вампум», «петроглифтер», «береста», «папирус», «пергамент» сияқты ұғымдармен танысты. Кітаптардың бұрынғы заманнан бүгінгі күнге дейінгі дамуын қадағалады. Оқушылар өздерін бұрыңғы замандағы ұлдар мен қыздар рөлінде байқап көрді –«балауыз тақтайшаға» жазу жазды және сурет салды.