Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
87782194989
email: sosh43@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қ., Лермонтов көш., 95-ші үй
556862 - қабылдау бөлмесі, 555860 - директордың орынбасары, 513210 - бухгалтерлік есеп
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Қазақ тілін насихаттау апталығы
24-04-2018 09:24
Қазақ тілін насихаттау апталығы

Өскелең ұрпақ арасында мемлекеттік тілді насихаттау, қазақ тілінің мәртебесін көтеру мақсатында Павлодар қаласы №43 жалпы орта білім беру мектебінде «Қазақ тілін насихаттау»апталығы ағымдағы жылдың сәуір айының 23-нен бастау алды. Апталық шымылдығын қазақ халқының өнері, оның тарихы мен бүгіні туралы ақпараттық мюзикл жанрындағы іс-шара ашты. 5 – сынып оқушыларының назарына қазақ халқының сөз, айтыс, күй, саз, опера, би өнерінің тарихы, бүгінгі күні қазақ еліндегі даму деңгейі, қазақтың киелі сахнасының жарық, бірегей жұлдыздары туралы ақпарат берілді. Әр жанр бойынша бейнефильмдер көрсетілді. Ол өз алдына оқушылардың қызығушылығын арттырды. Әсіресе, Құрманғазының күйіне орындалған «Бүркіт биі» оқушыларға қатты әсер етті.
«Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра» - деген ел арасында кең тараған сөз оралымының негізін түсіндіру арқылы ұлттық аспаптың сүйемелдеуімен орындалған қазақша әндер легі ұсынылды. 5 В сынып оқушысы Бектурова Айым домбырада өз өнерін көрсетіп, мұғалімдер мен сыныптастарының ілтипатына ие болды.
Осы ретте Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Университеті филология факультетінің 3 курс студенті Шалқар Әлімжан домбыраның сүйемелдеуімен қазақша әнді таңдай қақтыра орындап, көрермендердің барлығын өнерімен тәнті етті. Әлімжанның өнер көрсетуі өнерге жақын оқушыларға жаңаша леп беріп, қабілеттерін ұштауларына сеп болды.
Қазақтың би өнері айдарында Шара Жиенқұлова, Шұғыла Сапарғалиқызының өнерінен деректі фильм көрсетілді. Би өнерінің тарихы мен бүгіні туралы ақпарат алған соң, 5В сынып оқушылары сахна төрінде қазақ биін шебер орындады.
Шара соңында оқушыларға қазақтың саз өнері мен эстрада өнері туралы ақпарат берілді. Бұл ретте әр сынып өздері дайындап келген 1 ұлттық әнді бірлесіп орындап, көреремендердің қошеметіне ие болды.
Іс-шараны қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері А.Е.Абильдинова мен Б.Е.Мұқажанова өткізді.