Достық Фестивалі
Ел басының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, бастауыш сыныптар арасында Достық Фестивалі өтті. Осы фестивалде балалар халық билерін, әндерін, өлеңдерін көрсетті. Осылайша, олар әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдениетін және дәстүрлерін сақтаудың маңыздылығын көрсетті. Осы іс – шара қоғамдағы келісімді және Қазақстан бәрімізді біріктіретінін көрсетті. Балалар түрлі жарыстарға қатысып, өздерінің күш-жігерін және бірлігін тағы да дәлелдеді.