Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
87782194989
Адрес: Павлодар облысы, Павлодар қ., Лермонтов көш., 95-ші үй
556862 - қабылдау бөлмесі, 555860 - директордың орынбасары, 513210 - бухгалтерлік есеп
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
«Мың бала»
27-09-2018 09:38
«Мың бала»

Қыркүйектің 26-нда №43 орта мектебінде мемлекеттік тілді насихаттау мақсатына бағытталған «Мың бала» Республикалық мәдени – ағартушылық жобасы аясында «Асыл сөз» сайысы өтті. Сайысқа 1-10 сынып оқушылары қатысты. Сайыс 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар өздерімен таныстырды, екінші кезеңде өлең, шығармадан үзінді оқыды, үшінші кезеңде викторина сұрақтарына жауап берді. Оқушылар әдеби дүниетанымдарын кеңейтіп, өз тіл байлықтарын көрсете алды. 3-оқушы жүлделі орын иегері болып, мақтау қағаздармен марапатталды.
I орын- Галюра Яна 9-сынып
II орын-Букатова Татьяна 1-сынып, Захарова Ника 2-сынып
III орын-Щербинко Полина 8-сынып.
Барлық сайыскерлер алғыс хат алды.
Болашақта осы оқушылар мектеп мақтанышы ғана болмай, еліміздің мақтанышы болатындарына кәміл сенеміз.
Қазақ тілі мұғалімдері оқушыларын жоғары деңгейде дайындап, олардың шешендік сөзге деген қызығушылықтарын арттыра білді.