Сенім телефоны
87782194989
email: sosh43@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қ., Лермонтов көш., 95-ші үй
556862 - қабылдау бөлмесі, 555860 - директордың орынбасары, 513210 - бухгалтерлік есеп
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Кәсіподақтық ЗАИМка»
25-02-2019 09:37
«Кәсіподақтық ЗАИМка»

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы мен Новосібір облыстық ұйымдарының екі жақты келісімі бойынша бірнеше жылдан бері бірлескен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осындай жұмыстардың бірі – «Кәсіподақтық ЗАИМка». Аталмыш іс-шара ағымдағы жылдың ақпан айының 15-17 аралығында Ресей Федерациясының Новосібір облысы Бердск қаласының аумағындағы «Лесная сказка» демалыс орнында өткізілді. Шара білім саласындағы жас мамандардың кәсіби шеберлігін арттыруға, тілдік қатынас қабілетін дамытуға, кәсіподақ мүшелерінің корпаративтік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Алғашқы екі күн кәсіби біліктілікті арттыруға, пәндер бойынша сабақ берудегі озық техноголияларға арналды. Жастармен педагогикалық сайыстар жеңімпаздарының ассоциациясы жұмыс жасады. Ассоцияция құрамындағы түрлі ғылым салаларының мамандары мен әдіскерлер келесі тақырыптар бойынша жұмыс алаңын құрды: «Цифрлы мектеп», «Блогерлік жас буынмен қарым-қатынас жасаудың құралы ретінде», «Мұғалім сайты арқылы тәжірибені жалпылау» және орыс тілі, ағылшын тілі, география, физика сияқты пәндер бойынша шеберлік сабақтары өткізілді. Сонымен қатар, шара барысында жастар еңбек шарты, өз құқықтары мен міндеттері жайында ақпарат алып, толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды. Бұл шарада екі елдің еңбек шарттарын салыстыруға мүмкіндік болды. Белсенді жастар әр ел шартының артықшылықтары мен кемшіліктерін бірден анықтап, өз ойларымен бөлісті. Аталмыш іс-шараға біздің мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, облыстық жастар кеңесі төрағасының орынбасары Абильдинова А.Е қатысты.