Сенім телефоны
87782194989
email: sosh43@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қ., Лермонтов көш., 95-ші үй
556862 - қабылдау бөлмесі, 555860 - директордың орынбасары, 513210 - бухгалтерлік есеп
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Мектепке жол»
17-08-2019 10:03
«Мектепке жол»

15 тамыз күні «Мектепке жол» науқаны аясында Нұрқай ЖК басшысы Қайратбек Калиевич Нуркаевпен кездесу өтті.

Қайратбек Калиевич қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылардың балаларымен кездесті. Ол өзі көп балалы отбасыдан шыққан, он екі балалы отбасындағы оныншы бала. Оның әкесі Ұлы Отан соғысының қатысушысы және «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған еңбек ардагері. Қайратбек Калиевич көпбалалы отбасылардың жағдайын жақсы біледі. Әкесі оны достыққа және мейірімділікке баулыды, сондықтан ол балаларға көмек көрсетуді өзінің міндеті деп санайды.

Бүгін біздің мектептен жеті балаға Қайратбек Калиевичтің өз қолынан сыйлық ретінде оқуын табысты жалғастыру үшін кеңсе жинағы мен сөмке табыстады. Балалар мен ата-аналар Нұрқай ЖК қызметкерлерінің тарапынан жасалған сыйлықтарға разы. Қайратбек Калиевич оқушыларға жақсы оқып, бір-біріне қол ұшын беріп, мейірімді, еңбексүйгіш, лайықты азаматтар болуын тіледі. Ата-аналар және мектеп әкімшілігі Нұрқай ЖК басшысына өз алғысын білдірді.