«Тіл- достықтың құралы»
«Сәлеметсіздер ме! Здраствуйте! Good afternoon! 좋은 오후! Добры дзень! Salom! Здравейте!» - деп бастау алған іс-шараның мақсаты көпұлтты елдің толерантты азаматын тәрбиелеу, жастарға үш тілді меңгеруге қажетті жағдай жасау, тіл білудің артықшылығын көрсету, мектепке келген жас маманға оңтайлы ахуал туғызу, жас мамандарға пікір-талас алаңың құру.
Іс-шара барысында үш тілде тапсырмалар берілді: қазақ тілінде ертегіні сомдау, орыс тілінде көрсетілген іс-қимыл бойынша тұрақты тіркестерді анықтау, қосымшада берілген грамматикалық тапсырманы шешу, суреттеу бойынша ертегі кейіпкерлерін анықтау, ағылшын тілінде атақты әндерді табу, жұмбақты шешу, сұрақтарға жауап беру.