Сенім телефоны
87782194989
email: sosh43@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қ., Лермонтов көш., 95-ші үй
556862 - қабылдау бөлмесі, 555860 - директордың орынбасары, 513210 - бухгалтерлік есеп
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Тіл – халықтың мұрасы»
02-10-2019 12:10
«Тіл – халықтың мұрасы»
ілдер апталығы шеңберінде 5-сынып оқушыларына «Тіл – халықтың мұрасы» атты сайыс сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты: оқушылардың білімі мен біліктілігі арқылы ой-өрісін дамыту, ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу, қазақ тілінен білімдерін тексеру, тілдерін дамыту, қазақ тілін үйренуге баулу, қызықтыру. 
Сабақта оқушылар топтарға бөлініп, өзара жарысқа түсті. Тіл туралы мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді жатқа айтып, викториналық сұрақтарға жауап берді. Әр түрлі қазақ тіліне байланысты тапсырмалар орындады. Оқушылар латын қаріпі негізіндегі әліпбимен жазу сайысына да түсті. Шығармашылық тұрғысындағы «Суретшілер» сайысы өте қызықты өтті, оқушылар өлең жолдарын есту арқылы сурет салып, салған суреттерін әңгімелеп айтып берді. «Әріптер қозғалысы» ойыны алдыңғы сайыстарды түйіндейді. Әр топ ойыншысына екі әріп тиесілі болды, сол әріптерден сөздердің аудармасын құрып, оқушылар қызыққа батты. Сабақтың соңында сайыстың қорытындысы шығарылып, оқушылар бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдірді. Мемлекеттік тіліміз мәртебелене берсін!