Экскурсия
Оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, туған өлке тарихына құрметпен қарау мақсатында және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде мектеп Қамқоршылық кеңесімен бірлесіп 6,8 сынып оқушылары Павлодар қаласының қасиетті орындарына бару үшін экскурсия ұйымдастырды. Бұл: Қаздар қонысы, Благовещен шіркеуі, саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориал, М.Шамсутдинова атындағы мұражай және М. Көпеев атындағы мешіт. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ашық аспан астында мәдени-тарихи орталықтары, қала мұражайларында өткізілген тарих сабақтары балалардың естерінде көпке дейін қалады. Экскурсия сервис және тамақтандыру колледжінде ұлттық тағамдары жайылған дөңгелек үстелдерде түскі аспен аяқталды.