Олимпиада
Павлодар қаласының «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2019 жылғы қарашаның 20-ы №7 ЖОБББММ базасында математикалық және жаратылыстану-ғылыми бағыттар бойынша кешенді олимпиада өткізілді. Мақсаты - оқушылардың зияткерлік дамуын ынталандыру, талантты балаларды қолдау. Олимпиадаға Павлодар қаласының 37 жалпы білім беру мектебінен 5-6 сынып оқушылары қатысты.
Олимпиада тапсырмалары PISA халықаралық сапасын бағалау стандарттары бойынша құрылған.
Олимпиада қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен №43 ЖОМ 6 сынып оқушысы Левина Ангелина марапатталды.
II дәрежелі дипломмен №43 ЖОМ 5 сынып оқушысы Лысков Роман марапатталды.
Ангелина олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысады