«Біз сіздерге ризамыз!»
1 наурыз - «Алғыс айту» күніне орай мектебіміздің 5«В» сынып оқушылары ата-аналарға арналған «Біз сіздерге ризамыз!» атты мерекелік концерт өткізді. Концертке бастауыш сынып мұғалімі Горецкая Галина Михайловна арнайы қонақ ретінде шақырылды.
1 наурыз Алғыс айту күні деп белгіленуі, дәл осы күні 1995 жылы Қазақстан халықтарының Ассамблеясының құрылуымен байланысты. Сондықтан, концерттік бағдарлама «Туған жер» әнімен басталды. 1,5 сағатқа созылған концертте: ата-аналарға ризашылық білдіру өлеңдері оқылды, әсем әуендер шырқалды, би де биленді, сахналық көріністер қойылды, әр түрлі қызықты ойындар ойнатылды.
Концерт соңында өте әдемі көрініс орын алды: оқушылар өз қолдарымен жасалған ашық хаттарымен және ыстық құшақтарымен ата-аналарына, ұстаздарына ризашылықтарын білдірді.