«Біз біргеміз»
1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні және «Біз біргеміз» қайырымдылық акциясының жалғасында жеке кәсіпкер Байхадуллина Динара Айтқалиқызы теміржол кентінің қиын жағдайға тап болған 6 отбасының 15 баласына арналған азық-түліктер жеткізді. Әрбір отбасына негізгі қажетті азық-түліктер берілді, әрине, мереке күні балаларға тәттілер де болды. №43 ЖОББМ ММ әкімшілігі Динара Айтқалиқызына көмек көрсеткені, игілік пен қолдау жасағаны үшін алғыс білдіреді. Сізге мол бақыт, бейбітшілік пен жақсылық тілейміз.