Сенім телефоны
87782194989
email: sosh43@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қ., Лермонтов көш., 95-ші үй
556862 - қабылдау бөлмесі, 555860 - директордың орынбасары, 513210 - бухгалтерлік есеп
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ұлы Отан соғысы
08-05-2020 16:29
Ұлы Отан соғысы

Үш жыл қатарынан Павлодар қаласының №43 ЖОББМ ММ кітапханасы Ұлы Жеңіске арналған мектепаралық сайыстың бастамашысы және ұйымдастырушысы болып келеді. Бұл идеяға шабыттандырушы кітапхананың меңгерушісі Т.Ю. Шувалова.

Жеңістің мерейтойлық жылы әлеуметтік желілердің арқасында біздің сайысымыз одан сайын танымал болып, халықаралық мәртебеге ие болды. Оған Қазақстан, Ресей және Қырғызстан мектеп оқушылары қатысты. Өлеңдер әр түрлі тілдерде айтылды, оған қарамастан жас дауыстап оқып берушілердің көңіл шерін қозғайтын әсерінің арқасында олар әр тыңдаушының жүрегіне жол тапты.

Байқауға қатысушылардың жалпы саны 250 адамға жетті. Ұйымдастырушылар қазіргі жас ұрпақтың соғыс туралы кітаптар мен фильмдерден біліп, осы байқауға қатысуға ниет білдіріп, соғыстағы шайқаста қаза тапқандардың бәріне құрмет көрсетіп жатқанына қуанышты. Байқаудың ерекшелігі - 2 жасар қыздың қатысуы, шарықтау шегі - 8 000 мыңнан астам пікір жинап, Бас жүлде жеңіп алған Павлодар қаласындағы № 43 мектептің 2 «Д» сынып оқушысы Раимбек Ясминнің авторы М.Джалилдің «Шұлықтар» өлеңін оқу болды.

Қазылар алқасының құрамына Павлодар қаласының әдеби бірлестігінің мүшелері кірді: Григорьева О.Н.- ақын, А.Цветаева үй мұражайының директоры, Корешкова Т.С. - П. Васильев атындағы үй-мұражайдың әдіскері және Игнатовская Е.Ю. - ақын, журналист. Жұмыстар үш жас санаттары бойынша бағаланды.

Барлық жеңімпаздарға I, II және III дәрежелі дипломдар, ал қалған қатысушыларға қатысу сертификаттары жіберіледі.

Байқауды ұйымдастырушылар мұғалімдерге, ата-аналарға және мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілеріне белсенділігі көркеткені үшін және қатысушылардың онлайн тәртіптемесінде сапалы дайындығы үшін ерекше алғыс білдіреді.

Байқау өз мақсатына жетті - Ұлы Отан соғысы туралы естелік мәңгі өмір сүреді, өйткені оның есімі ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады.