Семинар
3 шілдеде Павлодар облысы балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығы орталығының психологы Анна Александровна Небельцова 43 ЖОББМ оқушыларының ата-аналарына арналған жасөспірімдермен ПБЗ қолданудың алдын алу бойынша онлайн семинар өткізді. Ата-аналармен ағарту жұмысы маңызды, себебі отбасы баланың алғашқы қоғамдық ортасын құрайды; оның физикалық және психикалық денсаулығының негізін қалайды; өмірлік бағдарларды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Онлайн семинар барысында ата-аналар ПБЗ туралы ақпаратпен, оларды қолданудың себептері мен салдарларымен, егер жасөспірім ПБЗ қолданған жағдайда ата-аналардың мінез-құлық алгоритмімен танысты. Сондай-ақ, ұсыныстар дайындалып, ата-аналарға мессенджерлер арқылы таратылды.