Онлайн семинар
Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы Небельцова Анна Александровна «2019-2022 халықтың салауатты өмір салтына бейілділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын» іске асыру шеңберінде мектептің 5-7 сынып оқушылары үшін ПБЗ алдын алу бойынша онлайн семинар өткізді. Онлайн семинар барысында темекі өнімдерін пайдалану туралы аңыздар жойылды; оларды қолданудың себептері мен салдары қарастырылды. Балалар осы тақырып бойынша өз пікірлерімен бөлісіп, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.