"Тілдің мерейі - елдің мерейі"
2020 жылы қыркүйек айының 22-сі мен 30-ы аралығында мектебімізде дәстүрлі болып кеткен "Тілдің мерейі - елдің мерейі" атты тілдер апталығы" аталып өтті.
Апталықтың мақсаты:
Тіл – ұлттың мақтанышы, тірегі, жүрегі екендігіне кең түсінік бере отырып, оқушыларды елжандылыққа, туған тілін құрметтеуге, тілді ұлттық мұра ретінде қастерлеуге үйрету. Қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, тілдерді үйренудің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыру. Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге үлес қосу. Елбасымыздың үш тілділік саясатын жүзеге асыруға ат салысу. Тілін, елін сүйе білетін ұрпақ тәрбиелеу.
Апталық аясында әр паралель бойынша "Полиглот", "Тіл- достықтың құралы", "Тіл- халықтың жаны", "Ана тілім - ардағым" т.б. көптеген қызықты әрі танымдық шаралар ұйымдастырылды.