Мектебімізде тілдер айлығы шеңберінде 30.09.2020 күні 8 – сынып оқушылары арасында «Полиглот» ойыны өткізілді. Ойынның қорытынды кезеңіне іріктеуден өткен тіл меңгеруге икемі бар 8 оқушы қатысты. 4 кезеңнен құрастырылған ойынның алғашқы кезеңі – таныстыру болды. Бұл кезеңде оқушылар өздерін таныстырып қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін де көрсетті: бірі – өлең оқыса, бірі – ақпараттық технологияны тиімді пайдалану дағдыларын көрсетті. Сонымен қатар, оқушыларға жұмбақтың шешімін табуға, 3 тілде сұрақтарға жауап беруге, мақалдарды толықтыруға бағытталған тапсырмалар желісі берілді. Ойын онлайн түрінде өткізілді. Сайыс қорытындысы бойынша 1 орынды Солоденко Анастасия, 2 орынды Костылева Валерия, Зиневич Мария, 3 – орынды Липихина Карина иеленді.
«Полиглот»