Телефон доверия
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Бастауыш мектебінде пән апталығы.
28-04-2017 16:38
Бастауыш мектебінде пән апталығы.

«Стикс» мектебінде бірнеше жыл бастауыш сыныптарында пән олимпиадасы өтеді.Пән олимпиадасын өткізу үшін жоспар құрылды, онда әр сыныпқа әртүрлі пәндерден шаралар жоспарланды.
   Шаралар балалардың жас ерекшеліктеріне сай жоспарланды.
   Әрине, дәстүрден тыс сабақтар, қызықты материалдар, ойындар, сайыстар, ашық түсті көрнекілер балаларды қызықтырып, олардың қатысуға белсенділігін арттырады. Пән олимпиадасы сапқа тұрудан басталды, онда оқушылар Ғарышкерлер күніне арналған апталықтың шаралар жоспарымен таныстырылды.
   Бейнелеу өнеріне қызығушылықтарын дамыту үшін бастауыш сынып оқушылары арасында «Бұл тылсым ғарыш» тақырыбына қабырға газеттері сайысы ұйымдастырылып өткізілді.
    «Ғылым күні» шараға балалар қызығушылықпен қатысты, онда балалар «Калифорния құрттың құпиясы», «Қоқыстың екінші өмірі», «Глоксиния мен Есения үлгісінде жапырақты саптау әдістерін зерттеп білу» тақырыптары бойынша зерттеу жұмыстарымен және шығармашылық жобаларымен танысты.
     Әдеби оқудың басты міндеттерінің бірі- мәнерлеп оқу машықтарын дамыту. Сондықтан пән олимпиадасында 1-4 сынып оқушылары арасында «Юморинка» мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Жеңімпаздары грамота алды, ал қалған қатысушылар дипломдарға ие болды.
    Апталық білім беру мазмұнын жаңарту бойынша 1 сыныпта математикадан, сауат ашудан, қазақ тілі мен ағылшын тілінен интеграциялық сабақтарымен аяқталды.
   Пән олимпиадасы сапқа тұрумен , барлық жүлделі орындар алған оқушылардың марапаттауымен аяқталды.