Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Оқушылар
ТЛЕКЕНОВА АДИЛЯ
ТЛЕКЕНОВА АДИЛЯ

«Стикс»  мектебінің  6  сынып  оқушысы  Адиля  Тлекенова  Талдықорған  қаласында Қазақстан  Чемпионатында  көркем   гимнастикадан  жүлделі  орындарға  ие  болды:

үш   І  орын( шеңбер,  секіртпе, таяқша),   бір  ІІІ  орын  (доп)  және  І  орын қөп   сатылы  жарыстан.

Адиля   көркем  гимнастикамен  6  жастан  шұғылданады , балалар және  жасөспірімдер олимпиадалық резервтің мектебінде  жаттығады,  жаттықтырушысы Любовь  Евгеньевна  Бронская.

Толымбекова Лязиза
Толымбекова Лязиза

Қалалық пән олимпиадасына неміс  тілінен бірнеше рет қатысты. Биыл да жоғары деңгей дайындық көрсетіп, 10 сынып оқушылары  арасында

жеңімпаз болды.

Табыс, сәттілік және тамаша көңіл-күй тілейміз!

Кусаинова Камила
Кусаинова Камила

10 сынып оқушысы Құсайынова Камила қалалық пән олимпиадасында француз тілінен жеңімпаз болды! Шығармашылық табыс тілейміз!

Колбасин Вячеслав
Колбасин Вячеслав

Колбасин Вячеслав қалалық пән олимпиадасына ағылшын тілінен бірнеше рет қатысты. Биыл да тілдік жоғары деңгей көрсетіп,10 сынып оқушылары арасында жүлделі орынға ие болды.

Табыс және сәттілік тілейміз!

Мукан Гизат
Мукан  Гизат

Мұқан Гизат қалалық пән олимпиадасында Павлодар қаласының 10 сынып оқушылары арасында  ағылшын тілінен  жүлделі орынға ие болды.

Шығармашылық табыс,сәттілік тілейміз!

Кан Полина
Кан Полина

Кан Полина неміс тілінен қалалық пән олимпиадасына бірінші рет қатысып, жоғары деңгей дайындығын көрсете білді. Полина 8 сыныпта оқып жүріп,9 сынып оқушылары

арасында жеңімпаз болды. Табыс, сәттілік және мерекелік көңіл-күй тілейміз!

Давыдова Ксения
Давыдова Ксения

10 сынып оқушысы Давыдова Ксения қалалық пән олимпиадасында 2 жүлделі орынға ие болды. Табыс және  сәттілік тілейміз!

Николаева Настя
Николаева Настя

11 сынып оқушысы Николаева Настя қалалық пән олимпиадасында ағылшын тілінен 3 жүлделі орынға ие болды.

Табыс және сәттілік тілейміз!

Айтжанов Самат
Айтжанов Самат

10 сынып оқушысы Айтжанов С. қалалық пән  олимпиадасында 3 жүлделі орыға ие болды. Біз сені мақтан тұтамыз! Шығармашылық табыс тілейміз!

Маликбаева Сания
Маликбаева Сания

 

Облыстық «Жарқын болашақ» олимпиадасының жүлдегері (ІІ орын, ІІІ орын). Тілдік пәндерге қызығушылық танытады. Болашақта гуманитарлық мамандық  алғысы келеді, «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуды армандайды. Оның есімі «Ғылым» республикалық басылымының «Қазақстан үміті» кітабына еңгізілді.

Слюсарева Даша
Слюсарева Даша

 

Облыстық «Жарқын болашақ» олимпиадасының жүлдегері (ІІ орын). Қалалық  48 –ші пән олимпиадасының  ағылшын тілінен жүлдегері. Оның есімі «Ғылым» республикалық басылымының «Қазақстан үміті» кітабына еңгізілді.

Қолөнермен, бейнелеу өнерімен, шетел тілінде көркем әдебиет оқумен айналысады. Болашақта педагог  болуды армандайды.

Зорина Настя
Зорина Настя

 

2010 жылы  өткізілген  6 кіші оқушылар арасындағы ғылыми жобалар байқауында   «Жұмбақтардың  ғажайып әлемі» жобасын ұсынып, жүлделі 2-орын алды. Жоба бойынша жұмыс жүргізу барысында Настя жұмбақтарды өзі құрастыруды үйреніп, нәтижесінде 4-сынып оқушылары атынан  жұмбақтар жинағы шығарылды.

Кириченко Виктория
Кириченко Виктория

 

2010 жылы өткізілген 6-шы кіші оқушылар арасындағы ғылыми жобалар байқауында 4-сынып оқушысы Кириченко Виктория  «Көгеру: пайдасы мен зияны»жобасын ұсынып, жүлделі 2-орынға ие болды. Виканың тақырыпты таңдауы бекер емес. Үйінің ішінде көгеру пайда болып, көптеген аурулардың  таралауына себеп болды.

Захаев Кайсар
Захаев Кайсар

«Классика» спорттық би клубының тәрбиеленушісі. Алматы қаласында жасөспірімдер арасында өткен спорт билерінің республикалық  турнирінің күміс  жүлдегері.2010 жылы өткізілген КИО қашықтық  олимпиадасының жеңімпазы

Севрюкова Юля
Севрюкова Юля

 

Неміс тілінен  Республикалық және облыстық олимпиадасының екі мәрте жеңімпазы(2011, 2012)

«Германия туралы менің түсінігім» жобасында 1 орын иегері.

 І дәрежелі Дипломмен марапатталды.

Никонорова Наташа
Никонорова Наташа

 

«Германияда ашқан сүйікті жаңалығым» халықаралық байқауының  жүлдегері.  Барлық мектепішілік іс-шаралардың белсенді қатысушысы. Сурет салумен айналысады. Өте жақсы эстетикалық талғамы қалыптасқан.

Мартынюк Сергей
Мартынюк Сергей

 

Республикалық  «Ғылым» басылымының «Қазақстан үміті» кітабына есімі еңгізілген жан-жақты дамыған мақсатқойғыш оқушы.Қалалық пән олимпиадаларының Қазақстан тарихы бойынша пәні бірнеше мәрте жеңімпазы. Облыстық радиовикторина қатысушысы. Спортпен айналысады, шығыс күрес түрлері қызықтырады.

Антонюк Илья
Антонюк Илья

 

Республикалық  «Ғылым» басылымының «Қазақстан үміті» кітабына есімі еңгізілген оқушы. Неміс тілін меңгеруде жоғары нәтижелерге жетті. Неміс тілінен халықаралық емтиханды В-1 деңгейінде тапсырды. Биология және медицина қызықтырады. «Мектептер: болашақ серіктестер» жобасының аясында Германияда тегін тілдік курс стипендиясының иегері.

Давыдова Ксения
Давыдова Ксения

Облыстық әдеби-поэтикалық «Қалам тарту» байқауының жүлдегері (ІІІ орын). Еңбекқор, шығармашыл тұлға. Бимен айналысады, өлең жазады, кітап оқығанды жақсы көреді. 2010 жылы өткізілген  КИО қашықтық олимпиадасының жеңімпазы

Вендерских Регина
Вендерских Регина

 

«Германиядағы менің сүйікті жаңалығым» халықаралық байқауының жүлдегері (ІІ орын) Тіл пәндерін сүйіп оқиды. Гете институтының неміс тілі курстарында оқиды. Павлодар облыстық «Возрождение» қауымдастығының неміс жастарының клубына қатысады. Көркем өнермен айналысады.

бiрiншiсi алдың. 1 2 соңғысы